«Дала дәмі»: Елордаға үш өңірден 1600 тонна өнім жеткізілді

«Дала дәмі»: Елордаға үш өңірден 1600 тонна өнім жеткізілді

Ертістің балығы, Ұлытаудың қазы-қартасы, Солтүстіктің сары майы мен тары-талқаны елордаға жетті. «Дала дәмі» жәрмеңкесіне үш өңірдің шаруалары 1600 тоннадан астам азық-түлік әкелді. Бірі бал қымызын ұсынса, енді бірі құрт-ірімшігі мен қаймағын көрмеге қойды. Табиғи өнімдер нарықтағы бағадан 10–15 пайызға арзан сатылды. Әсіресе, Ұлытаудың ұлттық тағамдарына сұраныс жоғары. Берекелі базарға Құндыз Маршал да барып қайтты. ¤

¤

Ұлытаудың қазы-қартасы, Жаңаарқаның қымызы, ауылдың құрт-ірімшігі. Елордадағы жәрмеңкеге өңірдің 60-қа жуық шаруа қожалығы 120 тонна өнім әкелді. Оның 100 тоннасы ет, 20 тоннасы сүт өнімдері. Қымыз байқауының үш жүлдегері де өз өнімдерін ұсынды.

Алмат Саухимов, Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Ең басты енді мақсаты — Ұлытаудың дәмін Астананың тұрғындары және оның қонақтарына беру және де оны Ұлытаудың енді өзінің ет өнімдерімен бренд деуге де болады. Ұлытау ауданының, Жаңаарқа ауданының ет өнімдері бренд.

Ұлытаудың етіне сұраныс жоғары. Жәрмеңкеге жыл сайын келетін шаруалар бұл жолы да жылқы мен сиыр етін әкелген.