Дала дәмі: Астанада өңірлер жәрмеңкесі өтіп жатыр

Дала дәмі: Астанада өңірлер жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордаға өңірлерден дала дәмі жеткізіліп жатыр. Бұл жолғы ашық жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының азық-түлік өнімдері қойылды. Сөйтіп, Астана жұртшылығына 400 тоннадан астам экологиялық таза тауар ұсынылған. Әдетте, жәрмеңкедегі тауар бағасы сауда орындары мен жергілікті базарлардан 15–20 пайызға арзан болады.