Дәрігерлер ата-аналарға ескерту жасады
Елде жыл басынан бері 183 бала терезеден құлаған. Оның 20-сы қайғылы жағдаймен аяқталды. Елорданың өзінде осындай 36 оқиға тіркелген. Астаналық дәрігерлердің айтуынша, жарақат алғандардың басым бөлігі – 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Сондықтан мамандар ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Олар мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады деп отыр. Бастысы балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ терезенің қауіпсіздік жүйесіне баса назар аударған жөн. Яғни арнайы бекіткіштер мен балаларға арналған құлыптарды орнату керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс жүргізуде.