Дүниежүзілік тазалық күні

Дүниежүзілік тазалық күні

Дүниежүзілік тазалық күніне орай Алматы облысында 40 мың адам сенбілікке шықты. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Өңір тұрғындары бір күнде 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарып, 762 гектар аумақты ретке келтірді.

¤

Жыл басынан бері облыс аумағында 31 сенбілік өтіп, оған 700 мыңнан астам адам қатысқан. Дүниежүзілік тазалық күні де тыс қалған жоқ. Өңір басшысы Шыңғыс Әрінов тұрғындармен бірге тазалыққа қатысты. Белсенділер көше бойына 200-ден астам алма көшетін отырғызды.