Creative Aimaq: Ақтөбе облысының көрме-жәрмеңкесі өтті

Creative Aimaq: Ақтөбе облысының көрме-жәрмеңкесі өтті

Creative Aimaq республикалық жобасы жалғасын тапты. Бұл жолы Ақтөбе облысының креаторлары Астанада бас қосты. Олар елорда тұрғындарына көрме-жәрмеңке ұйымдастырып, 24 млн теңгеге жуық өнім сатқан. Осылайша, екі күнге созылған «Aqtobe Creative Days» жобасын 10 мыңға жуық адам тамашалады.

¤

Жәрмеңкедегі әр жобаның тым терең тарихы мен мың түрлі мағынасы бар. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды. Соның ішінде «Ханшайым» жобасы көпшіліктің ықыласына бөленді.