«Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы
Баян мен аккордеонның құлағында ойнайтын әлемнің үздік
шеберлері бүгін Астанада жиналды. Елімізде бірінші рет «Coupe Mondiale 79»
халықаралық байқауы өтіп жатыр. Бұл өнер сайысының 80 жылға жуық тарихы бар.
Бірақ Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ
халықаралық аккордеонистер конфедерациясының 156-шы делегаттар конгресі өтіп
жатыр.
16 жастағы Джордже Перич «Coupe Mondiale» сахнасына
бесінші рет шығып отыр. Ал Қазақстанға алғаш келуі. Босния және Герцеговинаның
өкілі бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлемдік өнер жарысында топ жарған.
Бұл жолы тәжірибесі толысқан.