Бюджет тапшылығын азайтудың 4 жолы ұсынылды

Бюджет тапшылығын азайтудың 4 жолы ұсынылды

Қаржы министрлігі бюджет дефицитін азайтудың 4 жолын ұсынады. Вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының баяндамасына қарағанда, бұл 2026 жылға дейінгі тапшылықты кезең-кезеңімен азайту жоспарын толық орындауға мүмкіндік бермек. Сонымен, 4 ұсыныс мынадай: біріншісі – кіріс әкелетін тетіктерді ұлғайту. Яғни, салық базасын кеңейтіп, әкімшілендіру жұмысын арттыру қажет. Екіншісі – тапшылықты кезең-кезеңімен төмендету. 2026 жылы 2,3%, одан кейінгі екі жылда оның мөлшері 0,4 пайыз болуы тиіс. Үшіншісі – бюджет шығыстарын қатаң бақылау. Төртіншісі әрі ең маңыздысы – қарызды көбейтпеу. 2026 жылғы Қазақстанның сыртқы берешегі 182 млрд долларға жеткен. Соңғы 5 жылда ол 11 пайызға өскен.