ҰБТ-2026: Талапкерлерге қосымша грант бөлінді

ҰБТ-2026: Талапкерлерге қосымша грант бөлінді

Биыл елімізде жергілікті әкімдіктер тарапынан талапкерлерге қосымша 2 000-нан астам грант бөлінді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл қолдау шаралары ең алдымен дарынды жастар мен әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Үміткерлерді іріктеу кезінде ҰБТ нәтижелері, «Алтын белгі» иегері мәртебесі, Халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми әрі спорттық жарыстардағы жетістіктер ескеріледі. Гранттар мен жеңілдіктердің нақты саны, құжат қабылдау мерзімі, талаптары мен қажетті құжаттар тізімін әр жоғары оқу орнының ресми сайтынан немесе қабылдау комиссиясынан білуге болады. Дәстүр бойынша жергілікті грант конкурсына өтінім қабылдау 10–15 тамыз аралығында өтеді. Ал ЖОО-лар талапкерлердің құжаттарын 25 тамызға дейін қабылдайды. әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие және басым бағыттар бойынша кадрларды мақсатты даярлауға білім беру гранттарын бөледі.