ҰБТ-2026: 10 түлек 140 балл алған
Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы жарияланды. Биыл сынаққа 233 мыңға жуық талапкер қатысқан. Олардың 76%-ы шекті балл жинап, грант конкурсына жолдама алған. Ең жоғары 140 балды 9 талапкер алған. 821 адам 130-дан жоғары балл жинаған. Талапкерлердің 73 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, ал 383 адам ағылшын тілінде тест тапсырды. Инклюзивті форматта 800 ерекше бала қатысты. Сондай-ақ, ҰБТ барысында 890 ереже бұзу фактісі анықталыпты. Оның ішінде 522 адам кіру кезінде тыйым салынған заттармен ұсталса, 361 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды. Еске салайық, бейнежазбаларды талдау жұмыстары 31 қазанға дейін жалғасады. Ереже бұзғаны кейін анықталғандар оқудан шығарылады. Қазір барлық жоғары оқу орындарында грант конкурсына құжат қабылдау жүріп жатыр. Ал мемлекет биыл 89 мыңнан астам грант бөліп отыр. Оның 75 мыңы бакалавриатқа, 11 мыңы магистратураға,3 мыңы докторантураға арналған.