Brent мұнайы 6,6% қымбаттады
Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттады. Бұл жолғы өсім 7 пайызға дейін болған. Лондон биржасында Brent 6,6%-ға көтеріліп, барреліне 89 доллар 70 центпен сатылса, WTI маркасы 84 доллар 48 центке жеткен. Бұған басты себеп Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесі. Онда АҚШ президенті Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы ықтимал әскери іс-қимылдарды күшейтетінін айтқан. Қазір Қызыл теңіздегі жағдай ушығып, Ормуз бұғазы төңірегіндегі геосаяси тәуекелдер артқан. Нарықта қара алтын тапшылығы екі есеге артады деген қауіп бар.