Бозбалалар мемлекеттік күзет қатарына алынды

Бозбалалар мемлекеттік күзет қатарына алынды

Бүгін шымкенттік 27 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Олар күзгі шақырылыммен Мемлекеттік күзет қызметі қатарына қабылданды. Болашақ жас сарбаздарды ата-аналары мен аға буын өкілдері ақ батасын беріп, салтанатты түрде әскерге шығарып салды.

Жас сарбаздардың қатарында студент Иманғали Әбілқасымұлы да бар. Ол бұл шешімді кездейсоқ қабылдамаған. Болашақ заңгердің айтуынша әскерге бала күнінен барғысы келген. Себебі атасы әскери адам болған. Сондықтан отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрмет жас жігіттің бойында ерте қалыптасқан.