«Болашақ ойындары – 2026»: Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітті

«Болашақ ойындары – 2026»: Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітті

Ертең Астанада «Болашақ ойындары - 2026» халықаралық турнирі басталады. Дәстүрлі спорт пен киберспортты тоғыстырған дүбірлі додаға әлемнің 50 елінен 800-ден астам спортшы жиналды. Қазақстан бұл жарысты қабылдап отырған әлемдегі үшінші мемлекет. Елорданың халықаралық турнирге дайындығы қандай?

¤

Дәстүрлі спорт пен киберспортты тоғыстырған «Болашақ ойындары - 2026» турнирін өткізу құқығына Қазақстан Перу және Чилимен таласып, жеңіп шыққан еді. Осылайша еліміз ауқымды турнирді қабылдайтын әлемдегі үшінші мемлекет атанды. Жарысты ұйымдастыруға 24 млрд теңге бөлінген. Оның 10 млрдқа жуығы бюджет есебінен. Қалған қаржы демеушілерден тартылған. Оның бір бөлігі жарысқа қажетті заманауи жабдық алуға жұмсалды. Бұл техника кейін де елдегі киберспорт пен фиджитал спортты дамытуға қызмет етпек.