«Бір балаға – бір ваучер»: қосымша білім берудің талаптары

«Бір балаға – бір ваучер»: қосымша білім берудің талаптары

Шектеулі бюджет жағдайында білім беру ресурстарын қалай тиімді басқарған дұрыс? Бүгін Шымкентте «Қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыс» тақырыбында семинар өтті. Қазір елде «Бір балаға – бір ваучер» қағидаты жұмыс істейді. Бұл – Қазақстанда балалардың қосымша білім алуын, шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды мемлекеттік қаржыландыру үшін енгізілген бірыңғай жүйе.

¤¤

Шектеулі қаржыландыру жағдайында білім беру қызметтерінің сапасын төмендетпей, балалардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық қабілеттерін қалай дамытуға болады? Білім саласының өкілдері бүгін семинарға жиналып, осы мәселені талқылады. Өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі сараланып, үздік тәжірибелер ортаға салынды.