Бірқатар азық-түліктің бағасы арзандады – Ұлттық статистика
Қатарында көкөніс, сүт және ет бар - осы аптада әлеуметтік себетке кіретін тағы бірқатар азық-түліктің бағасы арзандаған. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бұл көрсеткіш 2,5 пайыз шамасына тең. Атап айтсақ: қияр 2,4%-ға, қырыққабат 2,1%-ға, қызанақ пен картоп 1,7%-ға құнын түсірген. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті және одан жасалған фарш, сүзбе, айран және шай бағасы да өзгерген. Қазір республика бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 483 теңге. Ең төмен баға Шымкентте - 321 теңге. Павлодар, Талдықорған, Ақтөбе, Көкшетауда баға тұрақтылығы сақталған.