Бірқатар азық-түлік арзандады
Елде бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді. Бір апта ішінде көкөніс пен жеміс-жидек айтарлықтай арзандаған. Картоптың бағасы 4 пайызға түссе, қырыққабат пен алманың да құны біршама төмендеген. Пияз, сәбіз және сүт өнімдері де аздап түскен. Дегенмен, халық ең көп тұтынатын негізгі азық-түлік түрлерінің бағасы әзірге тұрақты күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, нан, ет, жұмыртқа мен сары майдың бағасы өзгермеген.