Білім күні: 1-сыныпқа 380 мыңнан аса бала барды
Бүгін еліміздегі барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл мектепте оқитын оқушылар саны 4 миллионнан асады. Оның 380 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары. 2025 жылмен салыстырғанда 40 мың балаға артық.
Бірі ақ бантик тағып,
енді бірі жаңа дәптері мен қалам-қарандашын сөмкесіне салып тұрған бұл
бүлдіршіндер үшін бүгін Алғашқы қоңырау соғылды. Ел бойынша биыл 380 мың бала
алғаш партаға отырмақ. Соның бірі – Жанайым. Оның анасы Әйгерім де қатты толқып
тұрғанын айтады.