«Байсерке аспаны» әуе шоуы өтті

«Байсерке аспаны» әуе шоуы өтті

Ұшқыштар шеруі, дельтаплан шоуы және оны тамашалай келген 10 мыңға жуық көрермен. Алматы облысында өткен «Байсерке аспаны-2026» авиациялық фестивалін дәл осылай сипаттауға болады. Бас көлік прокуратурасы мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған авиациялық шоу қалай өтті?

Байсеркедегі аэродромға аспан түрлі каскадерлік трюктер мен күрделі ұшу маневрлерін көруге қызығатындар жиналды. Осымен үшінші рет өтіп жатқан авиашоуға биыл 16 түрлі әуе техникасы тартылған. Фестиваль шымылдығы дельтапланшылар мен авиамодельдеушілердің көрсетімімен ашылды. Одан кейін МИ-2 тікұшағы аспанда еліміздің көк Туын желбіретті.