«Балалық шақ бояулары» музыкалық фестивалі
«Балалық шақ бояулары» – 4 жыл бұрын Өскемендегі шағын аулада осындай шара басталған еді. Енді, міне, оның танымалдығы артып, Шығыс Қазақстан облысындағы басты ән фестивалінің біріне айналып отыр. Дегенмен, оның бастапқы мақсаты өзгерген жоқ. Ол балалар өнерін дәріптеп, қабілетін арттыру. Қазір қатарға ерекше балалар да қосылып, үлкен сахнаға шығуда.
Данилдің сахнаға шығуына анасы көмектеседі. Ал қолына микрофон тиген сәттен бастап бар назар — әнде. Көрермен де оны жақсы таниды. Дегенмен әрбір концерт Данил үшін ерекше. Өйткені сахнаға шығудың өзі — үлкен еңбек.
Данил 15 жаста. Бала
кезінен церебралды сал ауруына шалдыққан. Соған қарамастан, барынша өз бетімен
өмір сүруге талпынып келеді. Ал музыка оған жаңа мүмкіндік ашты. Бүгінде жас
әншінің талпынысы республикалық деңгейде де еленді.