Бүгін тікелей эфирде «Құрылтай-2026» теледебаты өтеді
23 тамызда қазақстандықтар Құрылтай
депутаттарын сайлайды. Қоғам
жаңа Құрылтайдан не күтеді? Сайлаушының жауапкершілігі қандай? Саяси науқанның маңызын саясаттанушымен талдаймыз.
Бүгін сағат 20:00-де Jibek
Joly арнасында «Құрылтай–2026» теледебаты өтеді. Алғаш
рет жеті саяси партиядан екі өкілден қатысып, командалық форматта пікір
таластырады. Тақырып – «Заң мен
тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі».
Ал біз эфир барысында сарапшылармен
«Заң мен тәртіп» қағидатының
негізгі бағыттарын талдаймыз. Қоғамдық тәртіп,
әлеуметтік желідегі жауапкершілік, интернет-алаяқтық пен цифрлық қауіпсіздік
мәселесіне
тоқталамыз.