Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды

Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының кезекті күні Қазақстан ұлттық құрамасы үшін табысты болды. Велошабандоз Алексей Луценко екінші алтын медалін жеңіп алды. Осылайша ол алтын дуль жасады. Сондай-ақ жеңіл атлет Кристина Морозова күміс, семсерлесуден Артём Саркисян қола, ушудан Әлижан Аблағатов қола жүлде иеленді. Стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегері атанды. Осылайша біздің команда 19 жүлдемен 4-ші орында келеді. Ал аралас жекпе-жектен топ жарған қазақстандық спортшылар елге оралды. Жеңімпаздарды жанкүйерлер мен жақындары таңертең Алматы әуежайынан күтіп алды. Еске салайық, Қадырбек Шынбаев пен Еркінғали Бүркіталин алтын медаль алып келсе, Санжар Әділов қола жүлдемен оралды. Айта кетейік, аралас жекпе-жек өнері биыл Азия ойындарының бағдарламасына бірінші рет енгізілді. Осылайша, қазақстандық спортшылар ережесіз жекпе-жек тарихындағы алғашқы Азия ойындарының жеңімпаздары болды.