Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа цифрлық дәліз құрылды

Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа цифрлық дәліз құрылды

Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа цифрлық бағыт Бакуде іске қосылды. Каспий теңізінің түбімен тартылған талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Жауаптылардың айтуынша, жаңа бағыт жылына шамамен 150–200 миллион доллар табыс әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, бұл бастама халықаралық технологиялық компанияларды Қазақстанға тартып, елдегі деректерді өңдеу орталықтарының дамуына серпін береді.

¤

Теңіз түбімен тартылған кабельдің ұзындығы – 400 шақырымға жуықтайды. Оның бір ұшы Ақтауға, екіншісі Әзербайжанның Сумғайыт қаласына жалғанған. Цифрлық магистралды тарту жобасы былтыр басталған. Кабель бағыты кемелер зәкір тастайтын және әскери оқу-жаттығулар өтетін аймақтарды айналып өтетіндей етіп белгіленді.