Азаматтардың басым көпшілігі Президент Қ.Тоқаевқа сенім білдіреді

Азаматтардың басым көпшілігі Президент Қ.Тоқаевқа сенім білдіреді

Қазақстандықтардың көбі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді. Бұл Демократия институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде анықталған. Зерттеу 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілді. Оған елдің әр түкпірінен 8 мың респондент қатысты. Сауалнамаға қатысқандардың 85,7 пайызы Президентке сенетінін айтқан. 30 жасқа дейінгі жастардың 90 пайызы Мемлекет басшысына сенім артатынын айтқан. Жоғары білімді азаматтар арасында да бұл көрсеткіш жоғары. Ал сауалнамаға қатысқандардың 81,5 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Сондай-ақ, сауалнамада ерлер мен әйелдердің, қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында айтарлықтай айырмашылық байқалмаған.