Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5% ұлғайды

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5% ұлғайды

Елдегі құрылыс жұмыстарының екпіні қарқынды. Былтырғымен салыстырғанда 11,5 пайызға ұлғайып, 7 млрд 812 млн теңгеден асқан. Әсіресе, жеке құрылыс ұйымдары дамып келеді. Нарықтағы үлесі 89 пайыз. 10,3 пайызы шетелден келген мамандар болса, құрылыс фирмаларының тек 0,7 пайызы мемлекеттің меншігінде. Өңірлерге шаққанда ең жоғарғы өсім Ұлытау облысында тіркелді. Сондай-ақ, Қызылорда мен Шымкент қаласындағы құрылыс қарқыны қатты. Айта кетейік, соңғы тоғыз айда жалпы көлемі 16 мың 348 шаршы метр жаңа нысан пайдалануға берілген. Бұл былтырғыдан 2,7 пайызға артық. Оның 8 мың 561 шаршы метрі көп пәтерлі, ал 4 мың 592 шаршы метрі жеке үйлер.