Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды
Елде 17 мың шақырымнан астам электр желілері жаңартылды. Күрделі жөндеу жұмыстары көктемде басталған. Жоспарға сай 444 қосалқы станса мен 3,5 мыңға жуық тарату және трансформаторлық пункт жөнделген еді. Әсіресе, Ақмола облысындағы 2,5 мың шақырымнан астам тозған желі ауыстырылып, 49 электр желісі қалпына келді. Павлодарда 2,5 мың шақырым сым жаңартылып, 609 тарату пунктіне күрделі жөндеу жүргізілген. Ал, Жамбыл облысында 63 қосалқы станса мен 316 трансформаторлық пункт жөнделді. Ауыстырылған желілердің жалпы ұзындығы 2 мың шақырымға жуықтайды. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жылыту маусымына дейін толық аяқталған. Енді Энергетика министрі электр энергетикасы нысандарына тұрақты бақылау жүргізіп тұрады.