Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтеріліп, 73-орынға ие болды. Осылайша Орталық Азия елдері ішінде көш бастады. Биылғы рейтингке әлемнің 139 экономикасы енгізілген. Еліміз инновациялық даму деңгейі жоғары 80 мемлекеттің қатарына енді. Оң көрсеткіш білім саласында байқалады. Яғни 87 орыннан 69 орынға көтерілді. Сондай-ақ пайдалы модельдер бойынша әлемде 7-орын, мемлекеттік онлайн-қызметтер бойынша 10-орын, жоғары технологиялық өнімдер экспорты бойынша 27-орынға ие болды.