Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасында ресми сапармен жүр. Бүгін Берлиндегі Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды. Осы резиденцияда Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.