Қазақстан Орталық Азияның білім хабына айналмақ

Қазақстан Орталық Азияның білім хабына айналмақ

Бүгін – Жоғары білім саласының қызметкерлері күні. Елімізде 121 университет бар. Онда 50 мыңнан астам оқытушы сабақ береді. 800 мыңдай студент білім алып жүр. Оның 40 мыңы – шетелдік. Қазақстан Орталық Азияның басты академиялық хабына айналмақ. Қазірдің өзінде елімізде Аризона, Хериот-Уотт, Мәскеу мемлекеттік университеті және Пекин тіл және мәдениет университеті сияқты үздік шетелдік оқу орындарының 40 филиалы ашылды. Бұл әлемдік оқу орындарымен бірлескен ғылыми жобалар басталған. Отандық жоғары оқу орнында 16 мыңға жуық ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Шетелдік ғалымдармен бірге Солтүстік Қазақстанның су мәселесін шешу, жасанды интеллект енгізу, геномика мен күкіртті қайта өңдеу жобалары қолға алынды. Өңірлердегі 11 университет базасында заманауи зерттеу орталықтары құрылып жатыр.