«Қазақстан орманы»: 60 млн түп көшет өсірген тұқымбақ
Ақмола өңірінде орман алқабын кеңейту шаралары қарқын алды. Ал тұқымбақтар көшет әзірлеуге заманауи технологияларды енгізе бастады. Соның бірі «Қазақстан орманы» питомнигі. 485 гектар алқапта 60 миллион түп қарағаш, терек пен тал көшеті жайқалып тұр. Енді олар келесі көктемде қазылып алынып, орман қорына егіледі.
Үш жыл бұрын дәл осы
жер бос жатқан еді. Ал бүгін жасыл-желек жайқалып тұр. Еліміздегі ең үлкен
тұқымбаққа айналды. Аумағы 485 гектар. Соның 85 гектары игерілген. Бұл шаруаға
1 жарым миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған.