Қазақстан мен Қытайға ортақ өндіріс бағдарламасы құрылады

Қазақстан мен Қытайға ортақ өндіріс бағдарламасы құрылады

Алматы мен Қостанайда танымал қытайлық көліктерді шығара бастаймыз. Шығыс Қазақстанда да көлік құрастыратын өндірістік кешен құрылады. Түркістанда мақтаны терең өңдей бастасақ, Ақтөбеде хромды өңдеп ғарыш салаларына қажеттіні өзіміз шығармақпыз. Осындай ондаған жобалар бүгін Алматыда өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында талқыланды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Онда 600-ден астам делегат пен 300-дей компания бас қосты.