Қазақстан мен Корея медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Корея медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Ақтауда жасанды интеллект негізінде «Ақылды телемедицина» орталығы ашылды. Осы орайда Қазақстан мен Корея дәрігерлері бас қосқан симпозиум өтті. Корея мамандары өз тәжірбиелерімен бөлісіп, қазақстандық әріптестерімен денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Жаңа орталық шалғай елді мекендердегі тұрғындарға қашықтан медициналық кеңес алуға, сондай-ақ шетелдік мамандармен онлайн байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Орталық заманауи телемедициналық жабдықтармен қамтылған.