Қазақстан мен Бельгия компаниялары 17 коммерциялық құжатқа қол қойды
Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт салынады. Петропавлдағы өсімдік майын өңдейтін кешен кеңейтіледі. Алатау қаласында аккумулятор ұяшықтары, энергия сақтайтын жүйелер жасалады. Сондай-ақ Бельгия технологиясымен елде құрастырмалы тұрғын үй өндірісі басталады. Бүгін Қазақстан мен Бельгия іскерлік кеңесінің 4-отырысында осындай келісімдерге қол қойылды. Екі елдің бизнес өкілдері бас қосқан жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Бельгия Королі Филипп Патшайымы Матильда қатысты.