Қазақстан мен Бельгия арасындағы алыс-беріс 10 жылда үш есе өсті

Қазақстан мен Бельгия арасындағы алыс-беріс 10 жылда үш есе өсті

Шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мен Бельгия арасындағы байланысқа кеңінен тоқталуда. Мәселен, The Brussels Times басылымы Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланысын нығайтуда Орта дәліздің маңызы зор екенін атап өтті. Логистика мен ауыл шаруашылығы саласын екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыты екенін жазған. Ал RTL info Транскаспий халықаралық көлік бағытының стратегиялық маңызы артып келе жатқанына тоқталды. Benin Web TV басылымы тараптардың академиялық, мәдени және ғылыми байланыстарын кеңейту жоспарына назар аударған. Бельгияның ұлттық ақпарат агенттігі Belga News Agency Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда көлемі он жыл ішінде үш есе өскенін жазыпты. 2016 жылы алыс-беріс 220 млн еуро болса, былтыр бұл көрсеткіш 765 млн еуроға жеткен. Ал The Nation басылымы екі ел экономика, ғылым және технология саласында ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатынын атап өтті.