Қазақстан Германияға теміржол дөңгелектерін экспорттайды

Қазақстан Германияға теміржол дөңгелектерін экспорттайды

Енді Қазақстанда жасалған теміржол дөңгелектері Германия нарығына шығады. Бұл келісімге Енді Қазақстанда жасалған теміржол дөңгелектері Германия нарығына шығады. Бұл келісімге Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы бизнес форумның қорытындысы бойынша келгенін айтты. Енді Қазақстан Германиямен бірге жаңа өндірістер ашып, технологиялық жобаларды көбейтпек. Автоматтандыру, робот техникасы, машина жасау және өндірісті цифрландыру бағыттарына басымдық берілмек. Ол үшін Президент Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіп бастамасын қолға алуды ұсынды. Оның аясында ең перспективалы жобалар іріктеліп, неміс технологиясы мен тәжірибесін Қазақстанға тарту көзделіп отыр.