Қазақстан қашан жанармай экспорттайтын елге айналады?
«Құрылтай апта» бағдарламасында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі, білім беру жүйесіндегі құндылықтарды дәріптеу және мұнай өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды.
Бағдарламада отандық мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу және жанармай тапшылығын жою жоспарларына назар аударылды. Сондай-ақ мұнай өнімдерін елге жеткізу, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету және баламалы логистикалық бағыттарды дамыту мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» концепцияларын білім беру жүйесінде кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына жауапкершілік құндылықтарын сіңіру және қоғамдық сананы жаңғырту тақырыптары сөз болды.