Қазақстанға 1,3 трлн теңгенің активі қайтарылды

Қазақстанға 1,3 трлн теңгенің активі қайтарылды

Елге 1,3 триллион теңгенің активі қайтарылды. Бұл қаражат 466 әлеуметтік нысан құрылысына жұмсалған. Оның 378-і аяқталды. Бүгін Бас прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді. Оның айтуынша, қайтарылған қаражат есебінен алты облыста ірі медициналық нысан салынған. Елордада футбол стадионы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, бірнеше әуежайды жаңғырту жұмыстары аяқталған. Елде қылмыс та азайған. Прокуратура 413 мың азаматтың құқығын қалпына келтіріп, 200 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығын қорғаған.

Жыл басынан бері 3 мыңға жуық инвесторға көмек көрсетіліп, прокурорлар 3,5 мың жобаның іске асуын қадағалаған. Президент заңның сақталуын қадағалап, елдегі қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, сайлау кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауға ерекше назар аударуды міндеттеді.