Қазақстан 2030 жылға дейін тоғыз спутник ұшырады
Қазақстан халықаралық спутниктік топ құруды жоспарлап
отыр. 2030 жылға дейін тоғыз аппарат шығару көзделген. Оның алтауы –
қазақстандық, тағы үшеуі Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияға тиесілі
болады. Кейін топтағы спутник саны 14-ке дейін жетуі мүмкін. Жаңа жүйе жерді
қашықтан зондтауға арналған. Яғни спутниктерден алынған мәліметтер жер бетін
бақылауға, ғарыштан ақпарат жинауға және түрлі салаларда пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Space Days Kazakhstan форумында Премьер-Министрдің
орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев
мәлімдеді. Қазір орбитада Қазақстанның Жерді қашықтан зондтайтын үш спутнигі
жұмыс істеп тұр.