Қазақ-оман бизнес форумы өтті

Қазақ-оман бизнес форумы өтті

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты. Форумда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл Шығанақ үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сенімді серіктес бола алатын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі уақытта саяси деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске ұластыру және экономикалық байланыстарды қазақ-оман серіктестігінің тірегіне айналдыру басты міндет екенін жеткізді.