Қайтарылған активтер қаражатына мектеп салынды

Қайтарылған активтер қаражатына мектеп салынды

Атырау облысында қайтарылған активтер қаражатына мектеп салынды. 80 орындық жаңа білім ордасы Қызылқоға ауданының Жамансор ауылында бой көтерді. Мұнда 17 оқу кабинеті бар. Оның ішінде физика, химия, биология, информатика және робототехника кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Ғаламтор желісі де тартылған. Мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық та жұмыс істейді. Бұған дейін, ауыл балалары ауданнан 60 шақырым жердегі мектепке қатынап оқитын. Жалпы облыста қайтарылған қаражатқа 3 нысан бой көтерді.