Қайтарылған актив: 1,4 млрд теңгеге Бурабай мен Щучинскідe су жүйелері жаңартылады

Қайтарылған актив: 1,4 млрд теңгеге Бурабай мен Щучинскідe су жүйелері жаңартылады

Қайтарылған активтер есебінен Үкіметтің арнаулы мемлекеттік қоры Ақмола облысының қажеттіліктерін реттеуге қаржы бөлді. Яғни, 1,4 млрд теңгеге енді Бурабай мен Щучинскіде 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуы тиіс. Соның бірі – Қатаркөл көлінің жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры желілерін жаңғырту. Үкіметтің мәліметінше, Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында осындай шешім қабылданған. Айта кетейік, 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі аралықта Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Үкімет жалпы сомасы 610 млрд теңге болатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Оның ішінде жалпы сомасы 226,5 млрд теңге болатын 267 жоба су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.