Автонесие рәсімдеу 9% азайған
Қазақстандықтардың автонесиеге сұранысы биыл 9 пайызға төмендеді. Былтыр бұл көрсеткіш 50 пайыздан аса өсім көрсеткен еді. Биылғы өзгеріске несие құнының қымбаттауы себеп дейді мамандар. Автонесиенің орташа мөлшерлемесі бір жыл ішінде 18,8 пайыздан 24,4 пайызға дейін бірақ көтерілді. Демек, көлік алушының мойнындағы төлем де ауырлай түскен. Есептік төлемнің орташа жалақыға шаққандағы үлесі 24,7 пайыздан 30,6 пайызға дейін барды. Бұл жағдай несие рәсімдейтіндердің санына да әсер еткен. Жылдың алғашқы алты айында мақұлданған өтінімдер 13 пайызға кеміп, 449,7 мыңға барып тоқтаған. Ал жаңа автонесиелердің жалпы сомасы 24 пайызға азайып, 886,6 миллиард теңгені құрады. Қызығы, несиеге сұраныс бәсеңдегенімен, елдегі автокөлік өндірісі қарқын алды. Қаңтар-маусым аралығында отандық зауыттар 138,7 мың автомобиль шығарған. Бір жыл бұрын осы кезеңдегі өндіріс көлемі 69,8 мың болатын. Парадокс.