Автолизингтің пайызы белгіленді
Елде жеке тұлғаларға арналған автолизинг жүйесі толық күшіне енбек. Яғни, көлікті ұзақ мерзімді жалға алып, соңында өз меншігіңізге өткізуге мүмкіндік болады. Бірақ оның өз шарттары мен шектеулері бар. Көлікті 7 жылға дейін рәсімдеуге болады. Ал төлем кешіккен жағдайда айыппұл көлемі қарыз сомасының 10 пайызынан аспауы тиіс. Бағасы 20 млн теңгеге дейінгі көліктерге жылдық мөлшерлеме - 36 пайыз. Ал одан қымбат және ескі көліктерге 46 пайыздан аспауы тиіс. Алайда бұл тек рұқсат етілген ең жоғары шек. Нарыққа шығатын лизингтік компаниялар клиент тарту үшін пайыздық мөлшерлемені төмендетуі әбден мүмкін.