Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады

Автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады

Ал автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылатын болды. Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осылай деп, бұған дейін жіберген кемшіліктерді түзеткенін мәлімдеді. Бағдарлама былтыр желтоқсан айында пилоттық режимде жүрген. Бірақ ұзаққа бармай тоқтады. Өйткені құқықтық және техникалық сипаттағы бірқатар қателік шықты. Атап айтсақ, лизингке берілетін көлікті азаматтар делдал компания арқылы рәсімдеуде кедергілерге тап болды. Әрі мұндай шартта көлікке келген айыппұл мен салықты кім төлейтіні де белгісіз боп қалды. Сөйтіп, бар-жоғы екі-ақ көлік лизингке рәсімделген. Министрлік бағдарламаның шарты мен лизингтік компанияларға қойылатын талапты өзгертіпті.