Ауыл жастарының V жазғы ойындары басталды

Ауыл жастарының V жазғы ойындары басталды

Бүгін Ауыл жастарының V жазғы ойындары басталды. Мұнда еліміздің 17 өңірінен келген 2 мың 500 жас спортшы сынға түспек. Дода алты күнге жалғасады. Жас спортшылар спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Оның ішінде асық ату, тоғызқұмалақ пен күрес те бар. Биылғы бәсеке Ақтөбе облысында өтіп жатыр.