Ауыл тұрғындары 100 түп тал екті
Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауылының тұрғындары 100 түп ағаш екті. Қайырымды шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Айта кетейік 2028 жылы ауданның құрылғанына бір ғасыр толады. Еңбек ардагерлері мен еріктілер бұл игі шараны осы жүз жылдық мерекелі датағада арнап отыр. Жас көшеттер мерейтойға дейін тамыр тартып, бұл жер саябаққа айналмақ. Жергілікті әкімдік аумақты қоршап, құдық қаздырған. Тал-теректі күтіп-баптау үшін бір бағбан бекітілген. Оған ерікті жастар қолғабыс көрсетеді.