«Ауыл – ел бесігі»: 800 ауыл жаңғыртылды
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 226 ауылда 255 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 150 әлеуметтік, 67 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны салынды. 180 шақырым жол жаңартылды. Мың шақырымнан астам инженерлік желі жаңартылды. Сөйтіп, 800 ауыл жаңғыртудан өтпек. Кәсіп ашамын дегендерге «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілуде. Осы мақсатта биыл 100 млрд теңге бөлінді. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да мамандар 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы ала алады. Ал баспана сатып алуға 1 пайызбен 15 жылға дейін несие беріледі.