Қауіпті вирусқа жедел диагноз қойылады

Қауіпті вирусқа жедел диагноз қойылады

Түркістанда жаңа вирусологиялық зертхана іске қосылды. Бұған дейін мұндағы сынамалар Шымкенттегі зертханаға жіберіліп, нәтижесін біраз күтуге тура келетін. Енді мұндағы мамандар талдау жұмыстарын өздері жүргізіп, көрінбейтін вирусты жеке анықтай алады.

Бұл нысанның өңір үшін маңызы зор. Себебі бірқатар инфекцияға қатысты талдаулар тікелей өңірдің өзінде зерттеледі. Ең бастысы – биоматериалдарды өзге қалаларға жіберіп, нәтижесін сарғайып күтудің қажеті жоқ.