Ауқымды құрылыс: Қарағандыда 65 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты
Еліміздің ірі
индустриялық аймағы саналатын Қарағанды облысында да инфрақұрылымды жаңғырту
жұмыстары қарқынды. Өңірде мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік
және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 65 жоба жүзеге асырылды.
Оларға 20 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі денсаулық
сақтау нысандарын жаңғырту мен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз
етуге бағытталды. Кеншілер қаласында саябақтар абаттандырылып, жолдар
жөнделді.