Атырауда бояу өндіретін зауыт іске қосылды
Атырауда өнеркәсіптік бояу материалдары мен коррозияға қарсы қорғаныш жабындарын өндіру зауыты іске қосылды. Кәсіпорын мұнай-газ, энергетика, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салаларын дамытуға серпін бермек. Мұнда бояудың 6 түрі шығарылады. Қазір 100-ден аса маман тартылған. Жауаптылар алдағы уақытта тағы жұмыс күшін арттырамыз деп отыр. Жалпы инвеститция құны 5 млн АҚШ долларын құрайды.