Атырауда биыл 8 инвестициялық жоба іске асады

Атырауда биыл 8 инвестициялық жоба іске асады

Атырауда  жаңа вагон зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жылына 8 мың вагон шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда шамамен жүзге тарта жұмысшы еңбек етеді. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұмыссыздық деңгейін азайтып отыр. Кәсіпорында жарты жылда 1 мыңнан астам жартылай вагон өндірілді. Жалпы, аймақта жаңа өндіріс орындарын ашуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, жыл соңына дейін жалпы құны 506 млрд теңгеден асатын 8 инвестициялық жоба іске асады. Осылайша, 964 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.