Қатерлі ісікті емдеудің жаңа технологиясы енгізілді
Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің жаңа технологиясы енгізілуде. Оған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында Орталық Азиядағы алғашқы протондық терапияға арналған жабдықтың орнатылуы мүмкіндік бермек. Бұл әдіс сәулені ісікке дәл бағыттап, айналасындағы сау тіндерге түсетін әсерді азайтады. Сонымен қатар еліміздің өңірлерінде сәулелік терапия жабдықтары жаңартылып, науқастарды емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді.
Онкологияда емдеу
технологиялары ғана емес, қолданылатын дәрілер де жаңарып жатыр. Олар
химиотерапияны алмастырмайды, керісінше, науқастарды емдеу мүмкіндіктерін
кеңейтпек. Онкология саласындағы жаңалықтар бүгін Астанада өткен Best of ASCO
Kazakhstan 2026 халықаралық ғылыми-білім беру конференциясында талқыланды. Онда
300-ге жуық дәрігер тәжірибе алмасуда. Шара ертең де жалғасады.